"Омырауымнан қан ақты": Гүлзира Айдарбекова тұңғышын қалай дүниеге әкелгенін айтып берді

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова алғаш ана атанған сәтін еске алып, тәтті естелігін бөлісті. Денсаулығы сыр беріп, қиналғанын да жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.Продюсердің айтуынша, бір палатада алты әйел қатар босанған. “20 жасымда Қайратты дүниеге әкелдім. Жас болып, ештеңені білмедік. Босану процесі өте жеңіл өтті. Алты әйел қатар босандық. Ішіндегі ең жасы мен болдым. Жас күніңде денсаулығың да жақсы болып тұратындықтан, бірінші босандым әрі өте тез болды. Толғақ қысқанда өліп кететін шығармын, ешкіммен қоштасып үлгермедім” деп ойладым. Босанып болдым да, төсегімнен тұрып жанымдағы әйелдерге көмектестім. Белін уқалап, массаж жасадым. Ол кезде жатыр орнына тез түсу үшін мұз қояды. 15 минуттай мұз басып жаттым. Жанымдағы келіншектің бәрі босанып болғаннан кейін, үйдегілерге хабарлауға шықтым. Ұзын дәлізде медбикенің үстелінде тұрған телефонмен бүкіл ағайын-тумадан сүйінші сұрадым. Қуанғанымнан қайын ағаларыма да хабарласып, “Аға, мен босандым, ұл тудым” деппін. Кейін енем мен шешем беттерін шымшып ұялып жүр: “Қайын ағасына босанғанын айтқан келіншекті бірінші рет көруіміз” деп. Менде ұялу сезімі болмағандықтан, қуанғанымнан хабарласа бергенмін. Сондай-ақ сәбидің әкесі баласын үш айдан кейін көрген. “Ол кезде әкесі Нұртас әке-шешесінен ұялып, үш айға дейін келмеді. Жұмыс бабымен басқа өңірге кетті. Хат жазады, ұлым екеуіңді көргім келеді деп. Оңтүстік өңірде бірінші бала әжесінің баласы немесе қайын ағасының баласы болуы керек деген жазылмаған заң бар. Содан аттап кете алмай, әжесінің бауырына бердік. Ауылда тұрғандықтан, келіндік міндетіңді атқару керексің. Бір рудан болғандықтан, басыңа орамал тағып, сәлем саласың. Бүкіл үй тірлігі мен бала-шағаның тамағына жауаптысың. Мен босанып келген кезде үйдегі абысыным қайын ағамызбен ұрысып, төркініне кетіп қалды. Бес баласын қалдырып кетті. Енем қалаға қыдырып кеткен. Бес баланың тамағын жасаймын, кірін жуамын, шомылдармын, үйді жинаймын. Сол кезде шаршауды білмейсің”, – деп еске алады сол күндерді. Айтуынша, сол жылдары денсаулығы да сыр берген көрінеді. “Өзім жаңа босанған, қалжаланып отыратын келіншек болуым керек. Бірақ олай отыра алмадым. Екі шелектеп су тасимын. Қайратты ақпан айында босандым. Қақаған аяз, суық болатын. Бір күні емізейін десем, сүттің орнына қан ағып жатыр. Кеудем ісіп, тас болып қалған. Неден пайда болғанын білмеймін. Бізге ешкім босанғаннан кейін күтіну керегін, ауыр көтеруге болмайтынын айтқан емес. Сол уақытта анам келіп, қалаға апарып қаратайық, қызымызды бізге беріңіз” деп енемнен сұрап келді. Кейін біз қалада тұрамыз деп шештік. Енем мен анам алма-кезек қарасып, баламды бағып берді”, – дейді продюсер. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді