14 ақпан сағат 06:00-де қолайсыз ауа райына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп жазды KAZINFORM.Ақмола облысында — 15 учаскеАқтөбе облысында — 4 учаскеШығыс Қазақстан облысында — 1 учаскеЖамбыл облысында — 1 учаскеЖетісу облысында — 1 учаскеҚарағанды облысында — 3 учаскеҚостанай облысында — 6 учаскеҚызылорда облысында — 3 учаске Павлодар облысында — 1 учаскеСолтүстік Қазақстан облысында — 9 учаскеТүркістан облысында — 2 учаскеҚазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 289 техника және 347 жолшы жұмылдырылған.