Өндіріс орындарында жылына 1500-ден астам адам жарақат алады

Еліміздегі өндіріс орындарында жылына 1500-ден астам адам жарақат алады. Оның 250-ден астамы алған жарақатынан қайтыс болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Жұмысшылардың қайтыс болу көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда 22 пайызға артқан. Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ: Кәсіпорындардың цифрлық картасын 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап қолдана бастаймыз. Бұл нақты уақыт режимінде еңбек жағдайларына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Кәсіпорындар бойынша барлық мәліметтер министрліктің ақпараттық жүйелеріне автоматты режимде жіберілетін болады. Қазір Мәжілісте Еңбек қатынастары туралы жаңа заң жобасы қарастырылуда. Депутат Асхат Аймағамбетов Еңбек инспекцияларын министрлікке тікелей бағындыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ оларға нақты құзыреттілік беруіміз керек, дейді. Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Проблемаларды анықтасақ, беретін не? Ескерту. Тіпті ешқандай айыппұл да жоқ. Тек қана ескерту біз арнайы түзетулерді бердік. Қазір министрлікпен бірге, үкіметпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Біз ескерту емес, нақты тиісті мекемелерге айыппұл, әлде басқа да шаралар қолдану керек еді ойлаймыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді