Онкологиялық науқастарды емдеуге бөлінетін қаржы қысқартылмақ

Халық қалаулылары Денсаулық сақтау министрінің орынбасарынан бұйрықты қайта қарауды талап етті.Елімізде қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау деңгейі өте төмен. Салдарынан жыл сайын 13 мың адам кеселге қарсы тұра алмай ажал құшып жатыр. Онкологиялық науқастарды емдеуге бөлінетін қаржы қысқартылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.Қатерлі ісік жасына да, жынысына да қарамай жалмап жатыр. Кеселге шалдығып, ем таппай демі үзіліп кете баратындардың дені - Түркістан, Абай облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары. Министрлік ақпарына сүйенсек, қазірдің өзінде 3,5 миллионға жуық науқас есепте тұр. Олар әлі күнге онкологияны ерте анықтау қызметіне қол жеткізе алмаған. Астаналық 55-жастағы Сабыржан Нұржановтың да басына түскені осы жағдай.– Бір дәрінің құны 1 млн 400 мың теңге, екінші дәрі 400 мың теңге. Сонда 2 млн көлемінде дәрінің құны шығады. Бұл бір ғана курс. Оны 21 күн сайын қабылдау керек, – деді қала тұрғыны Сабыржан НұржановБас онкологтың сөзінше, қатерлі ісік қазір жасарып барады. Пандемиядан соң күрт өсім байқалған. Елде 218 мың онкологиялық ауру тіркелген. Өткен жылдың өзінде 41 мыңнан астам жаңа жағдай анықталған. Аты жаман ауруға біздегі медицинаның қауқары жетпей тұрғаны анық. Тозығы жеткен емдеу құрылғылары мен құны шарықтаған қызмет. Салаға қаржы жетпеді.– Соңғы уақытта тарифті 20 пайызға кесу деген шешім қабылданды. Бұл шешім тиімсіз. Оған жақсы талдау жүргізу керек еді. Ал бүгінгі жақсы жаңалық ДСМ тарифі уақытша кесіледі. Бұл бұйрықты қайта қараймыз. Яғни кейбір қосымшаларға зерттеу жүргізіледі, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов.Министрліктің мұндай қадамын қараша түсінбегені анық. Мәжілісмендер «өзі жетпей тұрғанда, салаға бөлінетін қаржыны тағы қысқарту – ойланбай қабылданған шешім» деді. Халық қалаулылары жиынға келген Денсаулық сақтау министрінің орынбасарынан бұйрықты қайта қарауды талап етті. Емдеу кезіндегі әр тарифті жекелей пысықтауды сұрады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда ТЖМ өрт сөндірушілері жанып жатқан моншаны сөндірді
«Балалар кітапханасы» жобасы: балалар басылымдарына қолдау көрсетіледі – министр
Қарағанды облысынжа көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады
Мұз үстінде ойнап жүрген екі бала құтқарылды
Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады
Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты
Ақтаулық оқушылар сары құмырсқаның емдік қасиеті барын анықтады
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Алматыда атыс болып, қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)
Семейде шыршаны безендіріп жатқан мұғалім жарақат алды: министр жағдайды бақылауға алғанын айтты
Түркістанда ауыл мұғалімдеріне Дубайға жолдама берілді
Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды