Онлайн-казино ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жаза – «AMANAT» партиясының жаңа заң жобасы

Онлайн-казино ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жаза – «AMANAT» партиясының жаңа заң жобасы

«AMANAT» партиясы ойын бизнесі, букмекерлік кеңселер мен лотерея қызметтері бойынша заң жобасын дайындауға бастамашы болды.Құмар ойын нарығы жылжымайтын мүлік нарығынан екі есе асып түсті. 350 мыңнан астам қазақстандық азамат осындай ойындарға тәуелді. Лудоманияға қарсы іс-қимыл жүргізудің әдіс-тәсілі мен букмекерлік кеңселердің қызметін реттеу мәселелері бүгін Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының кеңейтілген жиынында талқыланды.Сөз басында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов лудомания адам тағдырына балта шабатын қауіпті құбылысқа айналып бара жатқанын атап өтті. Осыған байланысты, партия ойын бизнесі, букмекерлік кеңселер мен лотерея қызметтері бойынша заң жобасын дайындауға бастамашы болды. «Қазіргі таңда Қазақстанда ойынқұмарлық індеттей өршіп, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіре бастады. Лудомания – ХХІ ғасырдың дерті. Миллиондаған адам құмар ойындардан зардап шегеді. Бүгінде бәс тігу мектеп қабырғасынан басталып жатыр. Барлық ойын онлайн, жұртшылыққа оңай қолжетімді. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл тақырыпты Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көтеріп, құмар ойындарды шектеуге қатысты міндет қойды. Енді депутаттар мұны заң жүзінде бекітуі керек», – деді ол. Өз кезегінде, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев түсіндіру жұмысының нәтижесінде 2021 жылдан бері 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензиясын қайтарғанын, ал ойын бизнесі субъектілерінің саны 2 есеге, 71-ден 28-ге дейін қысқарғанын мәлімдеді. «Биыл интернет-казинолардың қызметі мен жарнамасын шектеу мақсатында «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы 7 мыңға жуық интернет-ресурс пен заңсыз материалдардың сілтемесі бұғатталды. Бүгінде ел аумағында ойын бизнесімен айналысуға рұқсат ететін 28 лицензия берілген. Оның ішінде, 5 казино, 8 ойын автоматтары залы, 13 букмекерлік кеңсе және 2 тотализатор бар», – деді министр. Жиын барысында депутаттар мемлекеттік органдардың лудоманиямен және заңсыз ойын бизнесімен күрес жөніндегі жұмысын сынға алды. Мәселен, құмар ойынның кесірінен 10 ерлі-зайыптының 7-еуі ажырасып жатыр. Былтыр Қазақстанда 3676 адам өз-өзіне қол жұмсаған, оның әрбір бесіншісінің себебі – лудомания. «Үкімет ойын бизнесін ұйымдастырушылар мен олардың лоббистеріне қатысты қандай да бір нақты шешім қабылдап жатқанын көрмей отырмыз. Букмекерлік кеңселер интернеттегі және БАҚ-тағы жарнамаға миллиардтаған теңге қаражат құяды. Әлеуметтік желі букмекерлік кеңселердің жарнамасына толы. Одан қалса, қоғам белсенділері мен пікір көшбасшылары бұл саланы дамытуға дайын. Сондықтан «AMANAT» партиясы бастамашылық еткен заң жобасын барынша тезірек қабылдауымыз керек», – деді депутат Еділ Жаңбыршин. Бұдан соң, «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев депутаттарға жаңа заң жобасының аса маңызды нормалары туралы ақпарат берді. 2 кодекске және 7 заңға 50-ден астам түзетулер дайындалды. Атап айтқанда, алимент, салық және несие бойынша борышкерлер тізілімінде тұрған жеке тұлғалардың құмар ойын ойнауына тыйым салу ұсынылады. Заңды тұлғалар рұқсат етілген жасқа толмаған адамдарды құмар ойынға тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ онлайн-казино ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жазаға тартылады. Көшелерде, интернетте және бұқаралық ақпарат құралдарында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасы шектеледі. Сонымен қатар, лотоматикалық машиналарды елге әкелуге және тұрғын үйлерде, дүкендерде, медициналық және білім беру мекемелерінде орнатуға тыйым салу ұсынылады. Құмар ойын ойнауға болатын жас шегі 25 жасқа дейін артады. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар өз ақпараттық-қаржылық жүйелерін мемлекеттік кірістер органдарының аппараттық кешенімен біріктіруі керек. Осылайша, мемлекет барлық қаржылық операцияны бақылап отырады. Фракция жиынын қорытындылай келе, Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов заң жобасын жұртшылықпен және мүдделі мемлекеттік құрылымдармен кеңінен талқылау қажет екенін ескере отырып, оны тезірек қабылдаудың маңызын атап өтті. Негізгі мақсат – азаматтарды ойынға тәуелділіктен және отбасыларды оның теріс салдарынан қорғау. «AMANAT» фракциясының депутаттары ұсынылған заң жобасын бірауыздан қолдады.

  «Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
  • aikyn
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
 Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» құрамын толықтырды
 Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» құрамын толықтырды
  • sport12.kz
  Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
  • aikyn
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
  • el.kz
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
  • Massaget
  Орталық төңірегіндегі тартыс
Орталық төңірегіндегі тартыс
  • aikyn
  Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
  • aikyn
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
  • baq.kz
  950 жылдық теңдессіз туынды
950 жылдық теңдессіз туынды
  • aikyn
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
  • baq.kz
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
  • el.kz
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
  • Massaget
  «Тамаша» туралы тамаша тарту
«Тамаша» туралы тамаша тарту
  • aikyn
  «Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
  • aikyn
  «Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
  • aikyn
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
  • sn.kz
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
  • Massaget
  Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
  • aikyn
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
  • baq.kz
  Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
  • aikyn
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
  • baq.kz
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • baq.kz
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
  • aqshamnews
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
  • sport12.kz
 Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» құрамын толықтырды
 Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» құрамын толықтырды
  • sport12.kz
«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
  • sport12.kz
«Дикий Арманға» сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды
«Дикий Арманға» сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды
  • qaz365.kz
Шерзаттың әкесінің соты: апелляция шешімі шықты
Шерзаттың әкесінің соты: апелляция шешімі шықты
  • qaz365.kz
Алматы облысының әкімі Талғардағы “Хутор“ қылмыстық тобы туралы қауесетке жауап берді: 13 желтоқсан 2024, 15:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматы облысының әкімі Талғардағы “Хутор“ қылмыстық тобы туралы қауесетке жауап берді: 13 желтоқсан 2024, 15:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Азия чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды
Азия чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды
  • penalty
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Жетісу облысындағы ауылға барды: 13 желтоқсан 2024, 12:41 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Жетісу облысындағы ауылға барды: 13 желтоқсан 2024, 12:41 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
“Есірткі тастап кетемін“. Сот көршілердің жанжалы бойынша шешім шығарды: 13 желтоқсан 2024, 12:05 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“Есірткі тастап кетемін“. Сот көршілердің жанжалы бойынша шешім шығарды: 13 желтоқсан 2024, 12:05 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • el.kz
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
  • sn.kz
Салтанат Нүкенованың ағасы экс-депутаттың қызымен сөз байласқан ба? (ВИДЕО)
Салтанат Нүкенованың ағасы экс-депутаттың қызымен сөз байласқан ба? (ВИДЕО)
  • sn.kz
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
  • turkystan
«Мен — өмірдегі ең сұлу әйелмін»: Мәдина Садуақасов желіде әдемі суреттерін бөлісті
«Мен — өмірдегі ең сұлу әйелмін»: Мәдина Садуақасов желіде әдемі суреттерін бөлісті
  • turkystan
Алматыда жас ғалымдарға пәтер сертификаттары табысталды
Алматыда жас ғалымдарға пәтер сертификаттары табысталды
  • almaty_tv
Жолдағы қауіпсіздік: жолаушы тасымалдайтын жүргізушілерге қандай тыйым салынады
Жолдағы қауіпсіздік: жолаушы тасымалдайтын жүргізушілерге қандай тыйым салынады
  • almaty_tv