Онлайн несиені қайтару «оңай емес»!

«Тез әрі ыңғайлы!» Елімізде 7 миллионнан астам онлайн несие рәсімделген. Бұл – әрбір екінші қазақстандықтың мойнында қарыз бар деген сөз. Ақшадан тарыққан адам бар-жоғы жарты сағаттың ішінде артық құжатсыз, үйден шықпай-ақ қалтасын қалыңдата алады. Бірақ, қарапайым жұрт қарыз алудың осы тәсілін неге таңдайды? Онлайн несиенің артында қандай қитұрқылық тұр? Ақшадан қысылып, қаржыдан қиналған жұрт астарына үңіле бермейтін осы сұрақтарға әріптесім Ақбота Базарбай жауап іздеді.Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Қазақстанда жүзден астам онлайн несие ұйымы бар. Интернетті ашсаң, қаптап тұр. Жарнамасы жер жарады, алайда пайыздық мөлшерлемесі бірінен-бірі өтеді. Қазір біреуін байқап көрейік. Онлайн несие сайттарының бәрінде мынандай есептеуіш құрал бар. Қалаған сомаңызды көрсетесіз. 20 мыңнан 170 мыңға дейін, 10 күннен 30 күнге дейін. 170 мыңды 1 айға есептеп көрейікші, қанша шығады... Көрдіңіздер ме? Алған 170 мыңымды 30 күнде 204 мың теңге қылып қайтарады екенмін. Бұл - үстіне 20 пайыз қосып қайтарасың деген сөз. Ал қайтара алмаған жағдайда айыппұл мөлшерін айтудың өзі қорқынышты. Осындай өсімпұлдардың құрығынан құтыла алмай жүрген Антонина несиені жиі алдым дейді. Бұған дейін алған қарызын төлей алмағандықтан, басқа кредит рәсімдеген. Содан басы қарызға әбден шырмалыпты.Антонина ГИДЛЕВСКАЯ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Несиені жиі аламын. Бұл маған басында ыңғайлы көрінген. Ақшаны аласың, ештеңе қайтарып керек емес. Қажет затыңды аласың деп. Алайда қайтаратын уақыты жақындағанда қинала бастадым. Өткен жылдың статистикасы проблемалық кредиттер көлемі жарты триллион теңгеге жеткенін көрсеткен. 1 миллионнан астам адам берешегін өтей алмай жүр. Қарызға белшесінен батқандардың басым бөлігі дәл осы микрокредитті еш ойланбастан алғандар болса, қалғаны - алаяқтардың құрбаны болғандар. Себебі, рәсімдеу жолы оңай. Сарапшы кредит берудің мұндай тәртібі елде мүлдем болмауы керек дейді. Нұржан БИЯҚАЕВ, САРАПШЫ: Соңғы екі жылдың ішінде алаяқтардың құрбаны болған адамдардың саны күрт өсті. Себебі онлайн микро ұйымдарының қыр-сырын әбден біліп алған алаяқтар саусақтарының ұшын қимылдатып-ақ, белгісіз адамдардың атына қыруар қаражат рәсімдеп тастаған. Тіпті бір уақытта 5-6 ұйымнан несие алғандар бар. Бұған дейін онлайн несиенің жүгенсіз кеткені сонша олардың жылдық үстем ақысы да мың пайыздан асып кеткен еді. Момын елге майдалап қарыз беріп, май шелпек қылып отырғандардың меселін қайтарып, онлайн несие нарығын ноқталау үшін арнайы шаралар қаралды. Мамандар пайыздық үстемені тым аспандатып жібергендерді лицензиясынан айырып, жұмысын тоқтатты. Микрокредиттер мен онлайн несиелердің жылдық үстемақы мөлшерін 56 процентке дейін қысқартты. Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ: Микро қаржы ұйымдары арнайы лицензиямен жұмыс жасаулары керек. Бірақ лицензиясы жоқ көптеген алаяқ компаниялар бар. Негізгі жұмысты солармен жүргізу керек деп ойлаймын. Өйткені, бізде көптеген азаматтар осылай несие береміз десе бара береді, немесе бізге ақша салсаңыз депозит қылып ақшаңызды арттырып береміз деп алдап жүргендер өте көп. Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Қарыз күліп кіреді, жылап шығады. Өсімпұл бар жерде береке болмайды. Сондықтан желідегі жарнамаға сенбеңіз. Телміріп алған теңгеден, тер төгіп тапқан тиын жұғымды болады. А. Базарбай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ғасыр дерті S.O.S
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Роза Рымбаеваның видеосы көпшілікті елжіретті
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Ғасыр дерті S.O.S
Жаңажылдық базарлық
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?