Өңірлерде 6 университеттік клиника, 14 аурухана, 11 перинаталдық және 3 ұлттық орталық салынады

Еліміздің өңірлерінде 6 университеттік клиника, 14 аурухана, 11 перинаталдық және 3 ұлттық орталық салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.«Тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңі денсаулық сақтау нысандары құрылысын кезең-кезеңімен жүргізуді көздейді. Бұл ретте 11 440 төсек орынды құрайтын 34 негізгі жоба қарастырылған. Өңірлер заманауи көп бейінді ауруханалармен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 6 университеттік клиника, 14 аурухана, 11 перинаталдық және 3 ұлттық орталық бар. Бұдан басқа денсаулық сақтау ныснадарын күрделі жөндеу және жабдықтау жұмыстары жалғастырылуда. Екінші кезең 2 500 медициналық нысанын қайта жаңғырту, жөндеу және жаңадан құрылыс салу арқылы жүзеге асырылады», - деді ол. Министрдің айтуынша, тұжырымдаманы іске асыру барысында балалар төсек-орындарының тапшылығын жою шаралары пысықталады. Атап айтқанда 200 төсек орынды Балалар онкология және гематология орталығының, 200 төсек-орынды Балалар хирургиясы орталығының, Астана қаласындағы Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы жанынан 200 төсек-орындық балалар корпусының құрылысы басталады. «Алматы қаласында Ұлттық инновациялық хирургия орталығының құрылысы қажет. Аталған шаралар халыққа жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін және республикалық ғылыми-зерттеу институттарының және ұлттық орталықтардың жұмысын күшейтеді», - деді Ақмарал Әлназарова. Айта кетерлігі, тұжырымдаманы іске асыру барысында мына нәтижелерге қол жеткізу жоспарланған: - денсаулық сақтау нысандарының тозу дәрежесін төмендету (2023 жылы - 49,3%); - типтік емес үлгідегі нысандардың үлесін 25 пайызға азайту (2023 жылы - 52,2%); - денсаулық сақтау нысандарының жабдықталуын 88-90 пайызға ұлғайту және нормативтерге сәйкес білікті медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде 50-ден астам отбасы баспаналы болды
Капот астын өз бетіңше жууға бола ма? Сарапшы жауап берді
25-26 градус аяз болады: 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады
Мұз үстінде ойнап жүрген екі бала құтқарылды
Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады
Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты
Ақтаулық оқушылар сары құмырсқаның емдік қасиеті барын анықтады