"Өңірлердегі жылу орталықтарының 80% әбден тозған", - Президент

Еліміздегі жылу орталықтарының 80% әбден тозған. Бұл аздай жылу құбырларының да жағдайы мәз емес. Саланың жағдайы мүшкіл екенін былтыр Екібастұздағы ғаламат апат айғақтап берді. Қақаған суықта мұндай оқиғаның биыл да қайталануы бек мүмкін. Сондықтан айтып келмейтін апат қапы қалдырмас үшін үкімет пен жергілікті әкімдіктер тездетіп қамдануы тиіс. Бүгінгі сұхбатында Президент жауапты сала басшыларына осындай пәрмен берді. Жаңа үйден пәтерлі болған оралдықтардың қуанышы ұзаққа созылмады. Тіпті желтоқсан айында азынаған үйде бала-шағасымен тоңған тұрғындар ашуын әкімнен алды. Ал мамандардың айтуынша, осы ықшамауданда көпқабатты үйлерге шағын жылыту қазандығының қауқары жетпейді. Тұрғындарды тоңдырмау үшін бір ғана Оралдың өзіне кемі 30 миллиард теңге керек. Себебі қаладағы жылу орталығы 83% тозса, жылу желілерінің тең жарымы жарамсыз. Алмат АШИКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Барлығын бірдей бір уақытта іске асырып, оны жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Өйткені қаржыға келіп тіреледі өздеріңіз білесіздер. Сол себепті жылма жыл жөнделетін болады. "Жайықжылуқуат" АҚ тарапынан және әкімшілік тарапынан он жылға жоспарымыз бар. Соған сәйкес бірнеше нысандарымыз бар. Соған жобалық-сметалық құжаттама жасақтап, оны жүзеге асыратын жоспарымыз бар. Бұл жағдай тек Орал емес, өзге өңірлерде де бар. Әсіресе былтыр қыста қар бүркеніп, мұз жамылып, қатты қиналған екібастұздықтарға жақсы таныс. Ержан ТЕМІРХАНОВ, ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Біз жыл сайын миллион-миллион, осы бірінші, екінші ТЭЦ-қа миллион-миллион ақша, инвестиция құйдық дейді. Сонда қайсысы шын, қайсысы дұрыс? Сондай инвестиция миллиондап құйса қайда? Жаңа құбыр қайда, жаңа қазандық қайда? Басқасын білмеймін, қағаз жүзінде бәрі жақсы болды. Жағдайдың мүшкіл екенін Президент бүгінгі сұхбатта баса айтты. Бұл - көп жылғы салғырттықтың салдары. Осының кесірінен өңірлердегі жылу орталықтары мен басқа қондырғылардың 80% әбден тозған. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ : Бүкіл Қазақстандағы инженерлік инфрақұрылымды толық жаңғырту – өте ауқымды әрі күрделі міндет. Қазір жылу желілері әрең жұмыс істеп тұр. Өткен жылдарда коммуналдық шаруашылыққа салынған инвестиция саланың қажетін өтеуге жеткіліксіз болды. Бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатыр. Көктем-жаз айларында Үкімет пен әкімдіктер жылу маусымына дайын болу үшін біраз жұмыс істеді. Жағдайы сын көтермейтін бірқатар нысан жөнделді. Президент Үкімет пен әкімдіктерге батыл қимылдап, қажетті шараларды дереу қолға алуды тапсырды. Жаңа қуат көздерін ашып, желілерді біртіндеп жаңарту керек. Өйткені былтыр қарашадан бастап қиналған қарашаны ақпанның аз әлекке салмасы анық.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан-Британ техникалық университеті өртеніп жатыр
АҚШ-та Мұхтар Мағауинды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті (ВИДЕО)
Азиада: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Керлингтен қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Стюардессамен сөзге келген спортшы рейстен түсірілді
Чехияда мейрамхана жарылды: алты адам қаза тапты
Былтыр 85 экстремистік қылмыс анықталды
«Барселона» ойыншысы Рональд Араухо «Реал Мадридке» қарсы ойнаудан бас тартты
Моңғолия халқы үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде
Қазақстанда өмірде бар, құжатта жоқ ауылдар бар болып шықты
Астанада жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
Қонаевтың туған күнінде 80 отбасы баспаналы болды
«Зорлап, жалаңаш күйде далаға тастап кетеміз»: Ақтауда бір топ ер адам азаптаған марқұм қыздың құрбысы сұмдық жайт туралы айтты
IX қысқы Азия ойындарының билеттері ресми сатылымға шықты
АҚШ-та Хабиб Нұрмағамбетов ұшақтан түсірілді
Біршама өңірде тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Трамп Украинадағы соғысты бір күнде тоқтату туралы шешімін неге өзгертті?
IX қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Қазақстандықтар Қытай университеттерінде тегін оқи алады
Діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Мегаполистерде алдағы екі күнде ауа райы қандай болады
Хабибті Лос-Анджелеске бара жатқан рейстен түсіріп тастады 
Илон Масктың компаниясы үшінші адамның миына чип орнатты