Өңірлердегі талапқа сай келмейтін қоқыс полигондары анықталды

Еліміздегі қоқыс полигондары талапқа сай емес. Бұл туралы «AMANAT» партиясының партиялық бақылау комитеті жүргізген тексеру кезінде анықталды.Алматы облысы Екбекшіқазақ ауданының тұрғындары 20 жылдан астам уақыттан бері мәселені шеше алмай келе жатқандарын айтады. Ауыл жанында үйілген қоқыстың иісінен қысы-жазы дем алу мүмкін емес дейді. Ол аздай, әрі-бері өткен көліктер жол бойына қалдықтарды тастап кететін көрінеді. Сәуле МӘМБЕТКӘРІМОВА, ТҮРГЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бізде мына жақта карьер бар, сол карьерге бүткілі мына Алматы, жан-жақтан келеді ғой машиналар, солар келіп төгіп кетеді. Осы жаққа өтіп бара жатқан елдің бәрі осы жерге тастап кетеді ғой. Шынын айтқанда шаршадық осы мусордан. Ержан КӘРІБАЕВ, ТҮРГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Алдыңғы жылы камераны да қойғанбыз мына жоғарыға зданияға, оны да сындырып тасталыды ғой, екі айдың көлемінде, адамды да отырғызып қойдық. Облыстық маңызы бар автожол болғандықтан біз бұл жолды жаба алмаймыз. Өткен жылдың аяғында жобалық-сметалық құжаттамасына яғни мына қоқыс алаңын жою, яғни рекультивация жұмысына жасау үшін жобалық- сметалық құжаттамаға қаражат қарастырылып, 7 млн теңгенің көлемінде бөлінді. Қалдықтар мәселесі еліміздің өзге өңірлерінде де өршіп тұр. Батыс Қазақстанда Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудандарындағы қоқыс төгетін орындар тексерілді. Әсіресе Бөрлі ауданына қарасты Ақсай қаласының ахуалы өте нашар. Мұндағы қоқыс полигонының аумағы 16 гектар болғанымен, төгілген қалдықтардың көлемі екі есе көп. Қазір жергілікті әкімдік жаңа қоқыс полигонын ашу бойынша құжаттар дайындап жатыр. Бірақ мәселенің қашан шешілері белгісіз. Бұл аздай, бірқатар ауылда қоқыс төгетін орынның аумағы қоршалмаған. Осының кесірінен тұрмыстық қалдықтар шашылып жатыр. Орал қаласындағы қоқыс полигонының да жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Ал жаңа полигонның қашан салынары белгісіз. Айжан ЫСҚАҚОВА, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: Республиканың әр аймағынан осындай ауқымды, рұқсатсыз пайда болып жатқан қоқыс алаңдары жайлы ақпарат түсіп жатыр. Біз бұл мәселе жөнінде тиісті комитет құрып, Экология министірлігін шақырғымыз келеді. Қазақстаның әрбір өңірінде, өкінішке орай, өте көп қоқыс жиналатын аймақтар пайда болған. Ол, әрине, біріншіден тұрғындардың жауапсыз әрекеттерінен, екіншіден сол аймақтардағы атқарушы биліктің салғырттығынан да болуы мүмкін. Қазақстанда жыл сайын өндірістік зауыттардың саны көбеюде, ал оның қалдықтарын игере алатын қоқыс полигондары әлі нормаға сай емес. Президент Қасым Жомарт Тоқаев соңғы жылдары еліміздегі Экология мәселесіне аса қатты көңіл бөлуді тапсырып, бірқатар шараларды іске қосуды тапсырған болатын. Партия бұл мәселені назарда ұстамақ. Ә. Пернебек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Үш каратэшіміз әлемнің үздіктері қатарына енді
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті
«Заңды өрескел бұзу»: Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалім оқиғасына қатысты пікір білдірді
“90-жылдардағы бандит“: танымал продюсер күйеуі туралы айтып, жан сырын ақтарды
«Күйеуім крутой, спортшы болды»: Гүлнұр Мамасарипова 31 жыл бұрынғы сырын айтты
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
Алдағы үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі – Марат Қарабаев
28 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі вагондар әлі бар - депутат
Қазақстан аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді
Алматы стадионының экс-басшысы Бауржан Жұмажанов: “Менің шындығым“
3,7 млрд теңге жымқырған есепші Ресейден елге қайтарылды
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылғандарға шамамен 633,4 млрд теңге төленді
Көкшетаулықтар 55 шет ел көлігін заңсыз тіркеген
Ресейден Қазақстанға өзбекстандық экстрадицияланды
Испанияда жүлде қоры €2,7 млрд лоторея ойнатылып жатыр