Өңірлерге ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 25 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Алматы облысында күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігі мен орталығында, күндіз екпіні 15-20 құрайды. Өңірдің батысында желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал. Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Өңірдің солтүстігін тұман басады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, өңірдің батысы мен оңтүстігінде күндіз жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстік жартысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Қостанай облысының оңтүстігінде тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с құрайды. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с құрайды. Абай облысында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с құрайды. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасы түнде 0-3 жылыдан -25 аязға дейін, күндіз 2-7 жылыдан -16 аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында қар мен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасының түнде 0-3 жылыдан -25 аязға дейін, күндіз 4-9 жылыдан -16 аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал. Сондай-ақ синоптиктер мәліметінше, 25 - 27 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласы маңындағы аймақтарда қар аралас жаңбырдың жаууына, сондай-ақ ауа температурасының жоғарылауына байланысты қар қарқынды еріп, тау беткейлерінен тасқын су ағады, өзен-суларда мұз әлсіреп, су деңгейі көтеріледі. Бұл ретте су арнасынан тасып, тасқын болуы мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маңғыстауда төрт «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын
Екібастұзда көлік жөндейтін орталық өртеніп кетті
Биыл Мәжіліс қандай заңдарды қабылдады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды