"Оншақты балам бар": әнші Елена Әбдіхалықова неге тұрмысқа шықпағанын айтты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Елена Әбдіхалықова үйінің оныншы перзенті екенін айтты. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында тұрмысқа шықпағанын және анасының арманын орындай алмағанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Әншінің әпкесі Тания Әбдіхалықованың айтуынша, анасы көзі тірісінде Еленаның өз жұбын тапқанын армандап кеткен. Алайда әншінің бауырлары бірінен кейін бірі қайтыс болып, олардың балаларына Елена Әбдіхалықова қамқор болған. "Бауырлары бірінен кейін бірі қайтыс болып, солардың ұл-қызын асырау үшін өзін екінші орынға қойды ма деп ойлаймын. Өзін ұмытып кетті деп ойлаймын. Анам да армандап кетті. "Қалауыңды тап" деп бірнеше рет айтты. Елена "Менің жан-дүниемді түсінбейді" деп айтты", - деді әншінің әпкесі Тания Әбдіхалықова. Ал өнер иесі осы уақытқа дейін өмірден өткен бауырларының балаларына қамқор болғанын айтты. "Үйдің оныншы перзентімін. Анамның арманын неге орындай алмай жүргенімді Құдайдан сұрау керек шығар. Адамның басы - Алланың добы. Бәрін Құдай қосады. Бауырларымның бәрі менің балаларым. Құжат түрінде болмағанымен, менің оншақты балам бар. Мен осындай танымал бола тұра, бауырларымның балаларына көз қырымды салмасам, тағдырына септігім тимесе, менің әдемі көйлек киіп, сахнада жүргенім кімге керек? Артымда қара ормандай боп, бауырларымның балалары тұр", - деді әнші. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мектеп директоры 176 мың теңгенің сыйлығын менсінбеді
Баян Алагөзова кішкентай қыздарын көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты (ВИДЕО)
Қапшағай су қоймасының гидрологиялық жағдайы туралы не білеміз
"Нәтижелер көңіл көншітпейді": Спорт министрі Қазақстан тарихындағы ең сәтсіз Азия ойындарын сынға алды
Қазақстан қытай банкінен неге қарыз алды
Дәрігер Шымкенттен Астанаға бет алған ұшақта адам өмірін сақтап қалды
Елімізде бес теміржол вокзалының жөндеу жұмыстары аяқталды
«Өз еркімен кетті»: Алматыдан 3,5 мың жігіт әскерге аттанды
"Сайрам-Өгем" ұлттық паркінде сирек кездесетін жануарлар фототұзаққа түсті
Қапшағай су қоймасының гидрологиялық жағдайы туралы не білеміз
Мұрат Нұртілеу Оман Елшісін қабылдады
Шығыс Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартты
«Жылаған дауысы естілді:» Семейде 7 жастағы қыз өртенген үй ішінде қалып қойған (ВИДЕО)
«Байлыққа малынып отырмын»: Айгүл Иманбаева қымбат сыйлықтарын көрсетті
Оқушылар «Геотактика» виртуалды полигонында сайысқа түсті
Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына екі-ақ спортшы жібереді
Боксшы Данияр Елеусінов қазақ халқынан кешірім сұрады
Мектеп директоры 176 мың теңгенің сыйлығын менсінбеді
Қазақстандық таеквандошылар халықаралық рейтингтік турнирде 14 жүлдеге ие болды
Данияр Елеусінов қазақ халқынан кешірім сұрады
Қазақстан ITB Berlin 2025 халықаралық туристік көрмесіне қатысуда
«Назарыңнан таса етпеші...»: Жұлдыз Әбдікәрімова жантебірентер жазба жариялады
Ресейдің танымал әншісі қазақстандық жасөспірімді зорламақ болған
Астанада белгісіз біреулердің оғаш әрекеттері видеоға түсіп қалды