Бүгін Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы қонақ үйдің жертөлесі өртенді. Сондықтан, 170 адам қауіпсіз жерге көшірілді. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, түтіннен уланған 31 адам жергілікті ауруханаға жеткізілді,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Құтқарушылар адамдарды отельден шығару үшін тікұшақтар мен сатысы бар жүк машиналарын қолданған. Соңғы хабарға қарағанда, лапылдаған жалын сөндірілді. Қаза тапқандар туралы мәлімет түскен жоқ.