Оңтүстік Кореяда 3 қазақстандық жалған құжат жасау күдігімен тұтқындалды

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 3 азаматы шетелдіктерге жалған құжат жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.«Корея Республикасының иммиграциялық билігі ақпаратына сәйкес, 12 ақпан күні Қазақстанның үш азаматы ұсталды. Оның екеуі тұтқынға алынып, үшіншісі елден кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа жіберілді. Аталған мәселеге қатысты іс жергілікті прокуратураға жолданған. Азаматтар босқын мәртебесін алуға арналған өтінімге жалған тарих жасау және әлеуметтік желі арқылы шетелдіктерге, оның ішінде Қазақстан азаматтарына жекелеген құжаттарды дайындау күдігіне ілігіп отыр», - деді ресми өкіл ведомствода өткен апталық брифинг барысында. Оның атап өтуінше, тергеу барысында олардың Корея аумағында тұратын бірнеше шетелдікке босқын мәртебесін беру туралы өтінімді өтірік бергені анықталды. «Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдары «Жеке мәліметтерді қорғау туралы» корей заңына сәйкес Қазақстан Елшілігіне ұсталғандар туралы жеке мәліметтерді және өзге де ақпараттарды беруден бас тартты. Бұған қоса, ұсталған Қазақстан азаматтары Сеулдегі Елшілігімізге жүгінген жоқ және Елшілік қызметкерлеріне ақпарат беруге мүдделі емес», - деді Айбек Смадияров.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маңғыстауда төрт «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын
Күдікті ұсталды: Алматыда белгісіз біреулер 20 жастағы жігітті пышақтап кетті
Басы дауға қалған Черчесов қазақша жазба жариялады
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды