Оңтүстік Кореяда толассыз жауыннан жеті адам қаза тапты

Оңтүстік Кореяда толассыз нөсерден жеті адам қаза тауып, мыңдағаны эвакуацияланды. Табиғи апаттар мен қауіпсіздік шаралары жөніндегі орталық штаб үш адамның жоғалып кеткенін және тағы жетеуі жарақат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.Жұма күні Нонсан қаласындағы көшкіннен ғимарат опырылып, екі адам қаза тапты. Орталық Седжон қаласында көшкін салдарынан бір адам қаза тапты. Оңтүстік-Шығыс Йонджу округінде және Орталық Чхонъян округінде тұрғын үйлер қирап, тағы үш адам қаза тапты. Зардап шеккендердің саны артуы мүмкін. Бөгет шайылуынан орталық Гесан округінің 6400-ге жуық тұрғыны эвакуацияланды. Бөгеттің жанында орналасқан көптеген ауылдар, сондай-ақ ауылдарды байланыстыратын жолдар мен көпірлер су астында қалды. 13 қала мен округтегі 1567 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, қатты нөсер көшкінге ұласып, салдарынан Чонджуда пойыз рельстен шығып кетті. Машинист жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Басқа зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. Бүкіл ел бойынша 13 қала мен округте электр қуаты сөніп қалды. Бүгінгі таңда Солтүстік Кёнсан провинциясындағы Мунгён, Йонджу және Йечхонда 8300-ден астам үй жарықсыз отыр. Су тасқыны егінді шайып, жолдарды су басты. Бүкіл ел бойынша 97 жол жабық тұр. Корея теміржол корпорациясы (KORAIL) барлық тұрақты жолаушылар пойыздарын және елдің орталық аймағына қатынайтын кейбір жүрдек пойыздарды тоқтатты. Корея метеорологиялық басқармасы оңтүстік Кёнгидо провинциясына, Чхунчхон провинциясына, оңтүстік Канвондо провинциясына, солтүстік Чолла провинциясына және Оңтүстік Чолла провинциясының батыс бөлігінде қатты жаңбыр жауатынын ескертті. Бейсенбіден бастап Солтүстік Чолла провинциясындағы Иксанда 434,5 мм, ал көрші Кунсанда 426 мм жауын-шашын түскен.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді