Оңтүстік Кореяда ұсталған екі қазақстандық елге қайтарылатын болды

Наурыз айында Корея Республикасына кіруге рұқсаты болмаған екі қазақстандық Инчхон халықаралық ауежайынан қашып кеткен болатын. Қазақстандықтар 3 ай қамауда болған. Ал бүгін, 10 тамызда олардың елге қайтарылатыны туралы белгілі болды. Бұл туралы "Кореядағы Қазақ Қауымы" Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Қоғамдастықтың хабарлауынша, 25 наурыз күні Инчхон ауежайындағы биіктігі 3.6 метр қоршаудан асып, заңсыз қашып кеткен екі қазақстандық елге оралатын болды. Ведомство ақпаратынша, сот үкіміне сәйкес, қазақстандықтарға айыппұл салынып, олар елге жіберіледі. "Екеуі де кінәсін мойындап, туған жерінде отбасын асырау үшін жұмысқа ұшып келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларды шекараны заңсыз кесіп өтіп, кашып кетті деп айыптады. Екеуі де өз кінәсін толық мойындап, тергеу уақытында 3 ай қамауда болды. Отандастарымыз жақын уакытта елге қайтарылады", - делінген хабарламада. Бұл ретте кореялық сотта қазақстандықтардың мүддесін қорғаған заңгер Мейірман Шекеев Instagram-дағы парақшасында бұл ақпаратты растады. "Бұл Қазақстанның тағы бір халықаралық беделді жеңісі. Енді Кореядағы екі жігіт 3 жылға түрмеге тоғытылмай, айыппұл төлеп, елге қайтатын болды. Барлық мақтау, мадақтау Аллаға тән. Мен тек себепшімін", - деп атап өтті заңгер. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Абай облысында 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай