Оңтүстік Кореяда шекарадан заңсыз өтпек болған Қазақстанның екі азаматы қамауда отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.Бұл туралы Оңтүстік Корея пабликтері мен әлеуметтік желілерден белгілі болды. Korea Komek мәліметінше, қазақстандықтар Түркістаннан. "2002 және 2005 жылы туған қазақстандықтар 25 наурызда Өзбекстаннан Korea Air әуекомпаниясының ұшағымен Кореяға келген. Құжаттарының дұрыс болмауына байланысты кеден қызметкері оларды елге кіргізбей, депортацияны күту залына жіберген. Олар депортация рейсін күту кезінде, 26 наурызда таңғы сағат 4:20 шамасында әуежайдың ұшу-қону жолағы жанындағы үш метрлік қоршаудан асып, қашып кеткен", - делінген хабарламада.