Қазақстан Республикасының Корея Республикасы мен Жапониядағы азаматтары Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды. Сеул қаласында алғашқы боп дауыс берген – қазақстандық азамат, курсант Елнұр Асанов. «Мен бұл сайлау еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтемін. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, өз үлесімді қосқым келеді», - дейді отандасымыз.