"Оны көргім де, естігім де келмейді". Бақыт Шадаева Сейфуллин Жолбарысқа неге ренжулі екенін айтты

Танымал әнші Бақыт Шадаева Сейфуллин Жолбарысқа не үшін ренжулі екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Әнші бұл туралы "Базарlike" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. Бұдан бірнеше жыл бұрын өнерпаздар арасында пәтер үшін дау шыққан еді. Бақыт Шадаеваның айтуынша, Сейфуллин Жолбарыс әншінің пәтерін сатып алып, ақшасын төлемеген. "Осы тақырып шыққалы бері екеуміздің арамыз мүлде жаман болып кетті. Өз басым сол жігіттің жауап берегеніне ішім ашиды. Оны көргім де келмейді, естігім де келмейді. Өйткені ер азамат жігіт болуы, дұрыс жауап беруі керек қой. Әйелдің қасында басын ие салса да артық болмас еді. Оның үстіне, мен одан үлкенмін. Оның бәрін ұмытып тек өзін қорғап алып жатыр", - деді әнші. Өнер иесі бұл жағдайда Сейфуллин Жолбарысты кінәлі деп есептейтінін айтты. "Ол - іште қалған өкпе. Әрине, досыңыз сіздің үйіңізді тартып алса, сіз ұмыта аласыз ба? Сізге жауап бермей жоғалып кетсе, әрбір сұхбатында сізге шабуыл жасаса. Қалай қарайсыз? Әрине, мен де адаммын. Бұл дау алған үйімнің ақшасын бермегендіктен шыққан. Бұл жерде мен зардап шеккен", -  дейді Шадаева.Дауға дейін Бақты Шадаеваның хит әндерінің авторы Сейфуллин Жолбарыс болған. Бақыт Шадаева жанжалдан кейін Сейфуллин Жолбарыс әндерді басқа әншілерге таратып бергенін растады. "Иә, солай жасап жатыр. Білгенін істесін. Мен ол әндерін кейінгі кезде айтпаймын. Біріншіден, уақыт өтіп кетті. Ол әндерді мен кезінде орындадым. Қазір жаңа әндер орындағым келеді. Мен көп нәрсе жасадым Сейфуллин үшін. Бауыр ретінде, дос ретінде, талант ретінде", - деді әнші.Айта кетейік, Бақыт Шадаева - эстрада әншісі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері. Оның "Аңса жаным", "Жауын", "Алматым - сұлу астанам", "Достарым", "Өмір - арман" с ынды әндері бар. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Үстінен екі рет мыжып өткен»: Семейде қызды көлікпен қағып өлтірген жүргізуші небәрі 2,5жылға сотталды
Астанада қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирі басталды
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Желіде Тоқаевтың Қытайға тәжірибе алмасуға барған кезінен сурет жарияланды
Абайлаңыз айыппұл! Жаяу жүргіншіге жол бермеудің салдары қандай?
Қазақ күресінен Астанада өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды
Қазақстан армиясы Орталық Азиядағы көшбасшы позициясын сақтап қалды
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден тунисте өтетін гран-при кезеңіне қатысады
Биыл Жетісу облысында 88 денсаулық сақтау нысанын іске қосу жоспарланған
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Танымал блогер педофилиямен айыпталды: балалар омбудсмені мәлімдеме жасады
Колумбиядағы ұшақ апатынан ешкім тірі қалмаған
Гвардейск гарнизонында тактикалық даярлық сабақтары өтті
Әнші Төреғали Төреәлінің бала күнгі видеосы жарияланды
Министр Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер туралы айтты
Қазақстандықтар тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
Алматыдан 77 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Алматыға жақын жерде жер сілкінісі болды
Динара Зәкиева 10 жасар қыздарға хат жазған блогерге қатысты мәлімдеме жасады
Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды
Қазақстан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді