БАҚ-та Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов өз еркімен қызметінен кетті деген ақпарат тарады. Бұған қатысты қала әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы. Басылым жазуынша, желіде 47 жастағы Миржан Сатқанов өз еркімен қызметінен кетті деген ақпарат пайда болды. Алайда Орал әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарып, ол шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. "Қала әкімшілігіндегі өзге дереккөз де Миржан Сатқановтың қызметінен кеткенін растаған жоқ", - деп жазды басылым.