Полиция Орал әуежайына қонған ұшақта көз жұмған бойжеткеннің өліміне қатысты іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. 17 жастағы бойжеткен анасы мен әжесі үшеуі Түркияға тынығуға аттанған екен. Бірақ ұшақ әуеге көтерілгенде ол өзін жайсыз сезінеді. Кейін халі нашарлаған жолаушыға әуе кемесіндегі үш дәрігер көмек көрсетіп, 45 минут бойы жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдырған. Бірақ бұл ем-дом да нәтижесіз болып, қыздың жүрегі тоқтап қалады. Осыдан кейін Ресейдің Қазан қаласынан Анталияға ұшқан әуе кемесі шұғыл түрде Орал әуежайына қонуға мәжбүр болыпты. БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ. Суыт хабар түскеннен кейін жедел жәрдем бригадасы М. Мәметова атындағы әуежайға 15 минутта жетті. Бірақ дәрігерлер 2006 жылы туған жасөспірімнің ұшақ бортында дүние салғанын анықтады. Марқұм - Татарстан азаматы, церебралды сал ауруына шалдыққаны мәлім болды.