Орал кафесіндегі жарылыс орнында апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда адам өліміне әкеп соққан жарылыстың себебін анықтау бойынша мамандар жұмыс істеп жатыр, деп El.kz ақпарат агенттігі.Оқиға орнында Батыс Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндірушілері мен құтқарушылары, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел жәрдем қызметіндегілер үздіксіз 16 сағат бойы құтқару жұмыстарын жүргізген. Құтқарушылар жұмысына құлаған құрылымдар санының көп болуы қиындық туғызған.Еске салсақ, Бүгін Орал қаласындағы дәмханада жарылыс болды. Бұл туралы хабарлама 101 пультіне 4 қаңтарға қараған түні сағат 02:07-де түскен.ТЖД күштерімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып құтқарылды. Оның 5-і медициналық мекемелерге жеткізіліп, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында 3 адам қаза тапты.