Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы 15 орындықты 5 миллион теңгеге сатып алған. Яғни әрқайсысы 333 мың теңге тұрады. Ал бұл тұрғындардың көңілінен шықпады.Жұртшылық шенеуніктер қазына қаржысын босқа рәсуа қылды дейді. Ал заңгерлер орындықтың дизайны қолайсыз екенін айтады. Арқалығы тым биік әрі жерге дұрыс бекітілмеген. Бауыржан ЗӘКИ, ЗАҢГЕР: Бір отырғышқа 333 мың теңге біздің ойымызша ол өте қымбат. Өйткені оның өзіндік құны ішіндегі 30% табысымен мамандардың айтуынша, ол оның жарты бағасы, яғни 150 мың теңге. Барлық жерде әрбір тендердің ішінде оның ішінде откаты мен парасы бар. Ол деген бәріне де белгілі. Ал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мұнымен келіспейді. Олардың айтуынша, орталық көшелердегі орындықтардың көбі жарамсыз боп қалған. Сондықтан ерекше дизайндағы осындай орындықтарды шұғыл түрде сатып алуға мәжбүр болыпты. Азамат ХАЛЕЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Мына жерде ең басты мәселе - әлеуметтік желілердегі резонанс дейді ғой, халық өте көп жазып кетті соңғы периодта. Сол уақытта көп жазғандықтан, мәселені тез арада шешу үшін 15 отырғыш алынды 5 миллион ақшаға. Менің өз ойым бұл жерде нарықтың бағасы деп есептеймін. Отырғыштардың орнатылуы, оның сырлануы, оның ағаштары, оның қолданысқа берілуі жөнінде толық тексеріс жүргіземіз.