Орал қаласының тұрғыны жоғары қабаттағы пәтеріне баспалдақпен көтерілем деп көз жұмды

Орал қаласының тұрғыны жоғары қабаттағы пәтеріне баспалдақпен көтерілем деп көз жұмды. Ал кейбіреулер үйінен бірнеше айдан бері шыға алмай отыр. Өйткені жеделсаты былтыр істен шыққан. Қарға адым жерді әрең жүретін мүгедектер мен қариялардың күні көршілеріне қарап қалған. Ас-суын дүкенге жұмсап алдыруға мәжбүр. Осы үйдің тұрғыны 70 жастағы кейуана 8-қабаттағы пәтеріне жаяу көтерілемін деп қайтыс болды. Ал көршілері егер жеделсаты жұмыс істесе, дәм-тұзы таусылмас еді деп күйінеді. Ольга СОКОЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мәншүк марқұм жақсы адам еді. Естуімізше, сегізінші қабатқа көтерілгенде есінен танып құлап, комаға түскен. Содан есін жимай қайтыс болыпты. Осыдан кейін бәріміз қорқып қалдық. Өйткені жоғары көтерілу өте қиын. Кемі 40 минут жүреміз. Сыртқа шыға алмағандары тамақты көршісіне айтып алдыртады. Ажалымыздан бұрын өлмесек жарар еді. Жоғары қабатта тұратын қариялар үшін қазір сыртқа шығу шынымен арманға айналған. Жар жағалап жүргенде жүрегі сыр бере ме деп қорқады. Сондықтан көбі пәтерінен шыға алмай, төрт қабырғаның тұтқынына айналды. Серік Қодаров, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Екі айлап шықпайды сыртқа. Өйткені төмен түседі, жоғарыға көтеріле алмайды. Бәрі давление, ауырады, қорқады. Бізге лифтінің жұмыс істегені керек. Біз ақша жинай алмаймыз, біз жинап та көрдік. 3-4 пенсионер береді, қалғандарының бәрі квартиранттар. Ал мұнда қазір медсестра біреуді шақырсаң, көтерілмейді. Бұзылған лифтіні жөндеуге 1 миллион 200 мың теңге керек дейді. Бірақ мұнша ақша тұрғындарда жоқ. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Асты тас, үсті тас, орнынан мызғымас жеделсатының қазіргі жағдайы осы. Былтыр істен шықса да, халықтың "қажетіне" жарап тұр. Қазір тұрғындар оны тіпті мынадай қоқыс салатын орынға айналдырған. Негізі жеделсатының пайдалану мерзімі -25 жыл. Бірақ Оралдағы 700-дей лифті одан да "кәрі", дейді мамандар. Берікқали АЙТҚАЛИЕВ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ГАЗТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯНЫҢ БАС МАМАНЫ: Орталықтағы үйлердің лифтісі әбден ескірген. Лифті түгілі, ол үйлердің өзі 60 жылдары салынған көне ғимарат. Бізде лифтіні күтіп-ұстайтын компания жоқ. Ал тұрғындар ескірген жеделсатыны жөндете бермейді. Жатақханалардағы жағдай осы. 2012-жылы 111 жеделсаты жаңартылған. Алайда қолданыстағы лифтінің әлі жартысына жуығы ауыстыруды қажет етеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты