Орал тұрғыны 59 млн теңгенің темекі өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан

Орал қаласының тұрғыны құны 59 млн теңге тұратын темекі өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан.БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш тұрғын Алматыдан контрабандалық темекі өнімдерін тасымалдап, қала базарларындағы бөлшек сауда орындары арқылы сатқан. «Тұрғыннан 100 мыңға жуық қорап темекі табылды. Ол қомақты көлемде акцизделетін тауарларды сақтау, тасымалдау және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрімен айналысқан. Заңсыз темекі өнімдерінің жалпы саны 93 мың қораптан асып, құны 59 млн теңгені құрады. Аталған дерек негізінде БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді. Сот аталған азаматты кінәлі деп танып, оған бір жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, заттай айғақтар одан әрі шаралар қабылдау үшін сот орындаушыларына жіберілді», деп хабарлады ведомстводан. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 541 млн теңгеден астам залал келтірген қаржы пирамидасы бойынша тергеу жүріп жатқанын жазған болатынбыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақыланады
Тоқаев Мағауиннің жақындарына көңіл айтты
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?