Орал тұрғынынан 57 миллион теңгенің контрафактілік темекісі тәркіленді

Оралда қолдан жасалған арақ пен контрафактілік темекіні заңсыз саудалаған азамат ұсталды. Ол былтырдан бері темекі мен спирттік ішімдікті қала базарларында сатып келген. Бүгінде одан тыйым салынған тауарлардың тұтас қоймасы тәркіленді. Енді ұсталған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, жауапкершілікке тартылады. Мамандардың айтуынша, оның екі жылға сотталуы мүмкін. Ал тау-төбе болып үйілген мына тауарлар жойылады.Бақыт САТАЕВ, БҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 57 миллион теңгеден астам 90 мың қорап болатын екі өлшемді цифрлық таңбалары жоқ темекі өнімдері, құрамында спирті бар зат құйылған, барлығы 320 литр көлеміндегі пластик ыдыстар табылып, алынды. Сапасы күмәнді ішімдіктен уланғандар бар. Орал қаласының тұрғыны қолдан жасалған осындай отты судан уланып, ажал аузынан қалды. Қазір ол бір айдан бері дәрігерлердің бақылауында. Мамандардың айтуынша, спирттік ішімдіктен аузы күйгендердің дені - орта жастағы ер адамдар. Асқар, НАУҚАС: Ақшам барда дүкеннен алам, ал қалтам жұқарса қолдан жасалған арақты базардан табасың. Қазір көбі солай сатады. Бірақ ешкім уланып қаламын деп ойламайды. Мен де тап осылай болдым. Ажалдан құтқарған дәрігерлерге рақмет. Әйелім бала-шағамды алып төркініне кетті. Енді жазылған соң, отбасымды жинап алуға тырысам. Е. Карин

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Оларды сөкпейміз»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова желіде бірге видео жариялады
«Орта салмақтың королімін». Жәнібек Әлімханұлы желіде өз-өзін мақтап, жазба қалдырды
Семейде мұғалім шырша құру кезінде биіктен құлаған: білім бөлімі басшысы қызметінен босатылды
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді