Орал қаласында 22 жастағы қыз 9 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті.БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше түсте болған. «Жедел жәрдем сағат 13:17-де шақыртылды. 2001 жылғы қыз 9-қабаттан секіріп кеткен. Көптеген жарақат алып, жедел жәрдем барған кезде қайтыс болып кетті», - деп хабарлады ведомстводан. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ҚР ҚК 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұм Теректі ауданында туып-өскен. Кейінгі уақытта Орал қаласында жұмыс істеп жүрген. Сол күні таныс қыздары тұратын үйге барып, осындай жағдайға тап болған. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да су тасқынынан бір адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.