Оралда 9 млрд теңгеге салынған түрме бос тұр

Оралда 9 млрд теңге бөлініп, құрылысы аяқталмай қалған түрме ғимараты бес жылдан бері бос тұр. Бірақ, аумақты күзету үшін бюджеттен 35 миллион теңге жұмсалып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.Тергеу изоляторы 1500 адамға арналған. Бұған бюджеттен 9 млрд теңге бөлінген. Бірақ бес жыл болды, әлі ғимарат қаңырап бос тұр. Құрылыс 2013 жылы басталды. Бірақ, бес жыл бұрын тапсырыс беруші, яғни қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бұрынғы бастығы мен түрмені салып жатқан құрылыс компаниясының басшысы және жобалаушылар бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталып, барлығы 5 адам сотталды. Құрылыс тоқтады. Әрі ішкі істер министрлігі ғимарат талапқа сай емес деп нысанды қабылдамады, деп жазады qazaqstan.tv. Ақыры түрме облыстық әкімдіктің иелігіне берілді. Қоғам белсенділері маңызды әлеуметтік нысан саларда қоғам талқысына неге салынбайды деп таң. "Облыс әкімі Нариман Төреғалиұлына да, ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа да осы сұрақтарды қойдым, яғни, біріншіден түрме керек пе, керек емес пе? Керек емес болса, әрине, басқа дұрыс нәрселерді, мысалы, бизнеске беріп, халыққа қажет нәрсені ұйымдастырсын. Біздің ұсынысымыз неге коммуналдық базар ұйымдастырмасқа. Екіншіден, ұлттық гвардия бар, қаланың қақ ортасында, соларды түгел көшірсе", - деді Бауыржан Ахметжан, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиал өкіліАуданы 35 мың шаршы метр тергеу изоляторында әкімшілік ғимарат, тергеу бөлімдері, режимдік корпус, спортзал, асхана, тир, қоймалар бар. Аумақты күзету үшін үш жылда бюджеттен бақандай 35 миллион теңге жұмсалған. Болмай қалған түрме пандемия кезінде науқастарға орын жетіспей жатқанда, аурухана, кейін медициналық хаб болады деп жоспарланды. Бірақ инвестор бастапқы келісімінен бас тартты. "Зачаган кентінде халық саны жыл сайын 800-900 адамға көбейіп келеді. Алдағы уақытта «Ақжайық» шағынауданын салу жоспарлануда. Сол себептен құрылысы аяқталмаған ғимаратты БҚО полиция департаментінің бөлімшесіне беру жоспарлануда. Қазіргі таңда мемлекеттік бюджеттен жобалық-сметалық құжаттаманы жасақтауға қаражат бөлінді", - деді Сырым Ерболатов, Облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысыОблыс орталығында құрылысы басталып, кейін тоқтап қалған немесе қараусыз қалған осындай 28 нысан бар. Соның жиырмасын ішінара бұзып, қайта салып жатыр. Қалған 8-ін қалпына келтіру үшін инвестор керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Головкин шаршы алаңға оралады - инсайдер
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Бюджет қаржысын жымқырғандар сегіз жылға сотталды
Ұлттық ұланда жаңа оқу жылы басталды
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Мәжіліс депутаты жаңа дәрігерлік амбулаторияның жұмысына баға берді
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы сот үкімі шықты
Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты