Оралда ағаштан құлап кеткен 11 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған жазбадан мәлім болғанындай, оқиға И.Ларин көшесі 10-мекенжайында болды. Бала допты аламын деп, төртінші қабаттың биіктігіндей ағашқа шығып, құлап кеткен. Мұның барлығы балалардың көз алдында болды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 11 жасар бала қалалық көпбейінді ауруханаға 18 маусым күні сағат 21.36-да түскен. «Баланы нейрохирург, травматолог, хирург, реаниматолог қарады. Бас сүйегі, мойын омыртқасы, кеуде тұсы, іш құрылысы органдары рентгенге түсірілді. Реаниматологпен бірге сағат 22.50-де облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы ауыр», деп хабарлады ведомстводан.