Оралда алимент төлемей жүргендердің берешегі 800 миллион теңгеден асты

Әке болу оңай болғанымен, әке болып қалу қиын... Бауыр еті баласына алимент төлемей жүрген оралдықтардың берешегі 800 миллион теңгеден асыпты. Кімнен көмек сұрарын білмей күйінген келіншектер енді шерулетіп көшеге шығамыз деп отыр. Өйткені алимент төлемеудің амалын тапқан тасжүрек әкелер табысын аз етіп көрсетеді, енді бірі өзін жұмыссыз ретінде рәсімдейді екен. Әрі олардың қатары көбейіп келеді. Баласын несібесінен айырған 10 мыңнан астам безбүйректің қатары биыл тағы мыңнан астам адаммен толыққан. Ашынған әйелдер заңға өзгеріс енгізіп, жазаны барынша күшейту керек дейді. Альбина МАГЗУМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Менің папам алимент төлеген жоқ. Суммасы өсе берді. 3 миллионға барды. Төлемей жүр әлі де. Сот орындаушылары өздері жауап бермейді. Папам да жауап бермейді. Әкем айтады: 18-ге толды менің правам жоқ төлеуге дегендей. Екатерина АГАСИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Сот шешімі орындалмағасын, прокуратураға шағымданамыз. Олар әділет басқармасына жібереді. Ал олар арызыңызды қайтып алыңыз деп сұрайды. Бізді бұлай сандалтпас үшін заңды өзгертіп, алимент төлемегендердің шетелге шығуына тыйым салу керек. Тіпті қылмыстық жауапкершілік жүктесе де артық етпейді. Өйткені жағдайы болса да, баласынан безгендер заңның осал тұсын жақсы пайдаланады. Ашуға мінген әйелдер енді митингіге шығудың амалын қарастырып жатыр. Олар енді жергілікті әкімдіктен бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұрап, қоғам назарын өздеріне аудармақ ниетте. Әйтпесе жалғызбасты анаға бала тәрбиесі оңай емес, дейді. Жағдайды жақсы білетінін айтқан сот орындаушылары борышкерлерге шара қолдану оңай еместігін айтады. Дарья КАЧУР, БҚО ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ПАЛАТАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз оларға қатаң шара қолдана алмаймыз. Өйткені заңда жалақының ең төменгі мөлшері белгіленген. Сондықтан олар заңдағы осы кемшілікті пайдаланып, табысы жоғары болса да, барынша азайтып көрсетеді. Бірақ заң бойынша мұны тексеруге құқығымыз жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты
Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Күйдіргіден қауіп көп
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
Нашақорлықпен күрес күшейді
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Садраддин, Науатбек Ақмарал: Тағы кімдер «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды (ВИДЕО)