Оралда белгісіз ер адам ойыншық мылтықпен микроқаржы ұйымын тонап кеткен

Оралда белгісіз ер адам микроқаржы ұйымын тонады. Ол бұл әрекетке қарызынан құтылу үшін барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Дерекке сүйенсек, оқиға 1 маусым түс ауа болған. 39 жастағы ер адам халыққа ақшалай қарыз беретін микроқаржы ұйымдарының бірін тонап кеткен. Үстіне камбинезон киген ол кеңсеге баса-көктеп кіріп, тапанша тәрізді затпен қорқытып, оған кассада бар ақшаны беруді талап етіпті. Қорыққанынан кассир оған ақшасын берген, содан кейін шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қылмысқа барған азаматты ұстады. Оған қылмыстық кодекстің 192-бабы 1-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Мән-жайларды анықтау барысында аталған Б. есімді азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Ол кассирді қорқытқан зат, яғни мылтық ойыншық болып шықты. Ұсталғанның айтуынша, ол бұл қылмысты жасауға қарыздарынан құтылу үшін барған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Алматыда полицейді өлтіріп кетті: Желіде жанжал кезінде видео тарады
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған
Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды
Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінді
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Футзалдан ел чемпионатында ірі сенсация тіркелді
2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл ретінде тіркелді
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Медицина қызметкерлеріне біліктілік беру жүйесі өзгереді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
Ақтауда қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті
«Масқара қорлау болды»: Атырауда мұғалім педкеңестен кейін өзіне қол жұмсамақ болған
Асу Алмабаевтың кезекті жекпе-жегі кіммен және қашан өтеді
Қызылорда облысында 16 ауыл интернетсіз отыр
Алматыда тағы да жер сілкінді
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды