Оралда бөлшек салықтың мөлшерлемесі 3% дейін төмендетілді

Оралда бөлшек салықтың мөлшерлемесі 3% дейін төмендетілді. Шаһардың экономикалық әлеуетін арттыруды көздеген «AMANAT» партиясы фракциясының ұсынысын кәсіпкерлер қуана қолдады.Бұған дейін кәсіпкерлер бизнесін бірнеше нүктеге бөліп көрсететін. Өйткені табысы көбейген сайын салық та көбейетін. Енді осы өзгерістің арқасында бізге бизнесті дамытып, жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік бар. Осылайша сауда көлемін ұлғайтып, тауар мен қызмет сапасын арттыруға жол ашылды, дейді кәсіпкерлер.  Бауыржан МҰХАМБЕТЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТАҒЫ "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бүгін біз мәслихаттың отырысында былтырдан бастап сол сұрақты көтеріп, фракция жетекшісі ретінде партиясының, өзім мәслихат жанындағы бюджет және экономика тұрақты комиссияның мүшесі ретінде соны көтеріп, бүгін шешімі табылып тұр. Біз сол салықтың мөлшерін 4 пайыздан 3 пайызға төмендетіп бекіттік. Бөлшек салықтың мөлшерлемесін төмендету биыл 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Егер бұл бастама жыл соңына дейін өзін-өзі ақтаса, салық әлі де төмендетіледі. Осылайша салық базасын кеңейту арқылы кәсіпкерлікті "көлеңкеден" шығаруға болады. Бұл өз кезегінде қала бюджетінің кірісін 10-15% ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жеңілдетілген салық режимін өңірдегі 21 мыңнан астам кәсіпкер пайдалана алады. Солардың бірі - Нұргүл Ашикова. Нұргүл АШИКОВА, КӘСІПКЕР: Жеңілдетілген режиммен жұмыс жасадық, упрощенка деп аталады. Оның шеңберінде біздер тек қана 69 миллион табыс көрсете алатын болдық. Егер одан асып кетсе, жаңағы құн салығы төленеді, значит НДС төлеу керек болды. Қазір мынау бөлшек салықтың кәсіпкерлерге тиімділігі - біздер деген 2 миллиард 70 миллионға дейін табыс көзін көрсете аламыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Ауыр дертке шалдықты»: Қазақстандық балуан елден көмек сұрады (ВИДЕО)
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
"37 пайызға дейін су үнемдеу": Министрлік мажарлық препарат сынағын жариялады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды
БҚО-да құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті