Олар адамдарды қорқытып-үркітумен екі жыл бойы айналысқан. Күдіктілер 33 жастағы қала тұрғынын қорқытып, 11 млн теңге көлемінде ақша алған. Мұнымен шектелмеген олар жәбірленушінің саяжайдағы үйі мен жеке дүние-мүлкін өздерінің атына жаздырып алған.Осы іске күдікті ретінде ұсталған 1966 және 1980 жылғы екі азамат бұрын істі болған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.