Оралда бүлінген баспананың есебі анықталып жатыр

Оралда суға кеткен саяжайларды бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шығынды анықтайтын сарапшыларға тұрғындардан 10 мыңнан астам өтініш түскен. Қазір мамандар су кепкен аумақты аралап, бүлінген дүние-мүліктің есебін шығарып жатыр. Бірақ саяжайлардың тең жартысынан астамы әлі су астында тұр. Сондықтан комиссия жер аяғы кеңігенін күтуге мәжбүр. Виктор КИВЕРОВ, САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ:Үйімді екі жыл бұрын салып, қоныстанып едік. Су екі рет басты. Алғашқысында су терезеден кірді, екінші жолы белуардан асты. Бірінші қабаттағы бүкіл жиһаз бүлініп, суға ағып кетті. Бүкіл дүниемізді тастап, қашып шықтық. Комиссия су кеткен соң келіп жатыр. Әзірге 100 АЕК көлемінде бір реттік жәрдемақы алдық. Бүгінде 300 үйге техникалық сараптама жасалып, тек 10 баспана апатты күйде деп танылған. Ал қалған нысандарға жөндеу жүргізіледі. Егер иелері бұл шешіммен келіспесе, сотқа беріп шағымдана алады. Жергілікті билік баспанасыз қалған азаматтарға әділ шешім шығарамыз дейді. Бүгінде 2 мыңнан астам тұрғынның саяжайы меншігіндегі жалғыз үйі екені анықталған. Ендігі міндет - оларды баспанамен қамту.Жандос ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:Қаламызда пәленбай құрылыс компаниялары бар ғой. Солардың жаңағы дайындап жатқан, әлі бітпеген үйлерін тездетіп дайындатып, соларды сатып алу. Екінші вариантымыз - ол риелторлар. Бағаларын анықтап жатырмыз. Бізге ұсыныстарын беріп жатыр және үшінші ойымыз жаңа шағын аудандарда үйлер салу. Оның енді қалай болатынын нақты айта алмаймыз. Бірақ осы үш бағытының мүмкін бәрін қолданамыз, мүмкін бір-екеуін қолданамыз деген сияқты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты