Орал қаласында екі күнде 2 ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бірінші оқиға 11 шілде күні болған. Сағат 17.30-да Исатай-Махамбет көшесі 79-үйдің жанынан 68 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Аталған азамат биылғы 4 маусымнан бастап із-түзсіз жоғалып кетіп, іздестірілген. Сондай-ақ 12 шілде күні сағат 10.30-да Х.Чурин көшесі бойындағы үйдің пәтерінен 63 жастағы ер адамның денесі табылды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. «Екі дерек те сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», деп хабарлады ведомстводан.