Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам өліміне әкелген оқиға 14 қараша күні сағат 18:30-да болған. Айналма тас жолда жанармай құю бекетіне қарама-қарсы жерде Lada Largus және DAF жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды mgorod.kz. "1990 жылы туған Lada көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, сол жерде 1988 жылы туған жүргізуші басқарған DAF көлігімен соқтығысқан",-делінген Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Lada көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы (1987 жылы туған) оқиға орнында көз жұмды. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Марқұмдардың мәйіттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда балық шабақтары неліктен жаппай қырылып жатыр?
Алматы облысындағы ірі жол апаты орнында түсірілген кадрлар пайда болды
Жетісу облысында 2 ірі есірткі зертханасы әшкере болды
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Депутаттар ішкі істер министріне көлікті 5 минут қыздыру қисынсыз екенін айтты
ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер марапатталды
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті
Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесті
Кибербуллингтің шариғи үкімі қандай?
Қазақстанда пара беруді ұсынғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
“Жаңа өмір”. Жахан Отарғалиев үшінші рет отбасын құрды
Маңғыстауда "Таза Қазақстан" аясында іс-шаралар жалғасып жатыр
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Ержан Максим: Ең алғашқы сыйақыма үйдегілердің барлық кредитін жаптық
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
ҚБТУ ғимаратынан шыққан өртті сөндірген құтқарушылар марапатталды
Былтыр елімізде 172 мың баспана пайдалануға берілді
Ақтау маңында ұшақ апаты: Көлік министрлігі «қара жәшікегі» деректерді алған
Атыраулық танымал ит Пшөнге арналған мүсін қайда қойылатыны белгілі болды
Эльжана Таниева 19 жасында мансабын аяқтады
Жетісу облысында 2 ірі есірткі зертханасы әшкере болды