Орал қаласында жоғалып кеткен оқушы қыз бес күннен кейін аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 14 жастағы жасөспірім 10 ақпан күні шамамен сағат 22.00-де үйінен шығып кеткеннен кейін оралмаған еді.Зарина Нығметова қаладағы №34 орта мектепте оқиды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, іздестіру іс-шаралары барысында қыз 15 ақпан күні сағат 18.00-де табылды. «Ол Зачаган кенті Сарытау шағын ауданындағы достарының үйінде болған. Аман-сау», деп хабарлады ведомстводан.