Орал қаласында жоғалып кеткен оқушы қыз бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 2008 жылғы Зарина Нығметова 10 ақпан күні шамамен сағат 22.00-де Тополинская 1-мекенжайындағы үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. «Қаладағы №34 орта мектепте оқитын қыз содан оралмаған. Бойы 162-165 см, арықша келген, қара шашы иығына түскен. Қоңыр-сарғыш түсті күрте, көк шалбар, қара етік киген. Ерекше белгілері жоқ. Қолында Самсунг телефоны (абоненттік нөмірі 8-747-445-32-17), қара күртесі мен джинсы шалбары салынған пакеті болған. Жасөспірімді көрген-білген жандар болса, Орал қаласы полиция басқармасына әкелуі немесе 8-711-2-92-18-41, 92-18-42, 8-778-105-21-25, 102 телефонына хабарласулары сұралады», деп хабарлады ведомстводан.