Оралда қалалық соттың судьясы жұмыс орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Астана телеарнасы "Мой город" порталына сілтеме жасап. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 10 наурыз күні таңертең болған. «Жедел жәрдем сағат 09:48-де шақырылды. Қалалық сотта жұмыс орнында 1968 жылғы ер адам аяқ астынан нашар сезінген. Жедел жәрдемді шақырған адамның сөзіне қарағанда, судья қорылдап, артынша есінен танып құлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін марқұмның жүрегі тоқтап қалған», - деп хабарлады ведомстводан. БҚО полиция департаменті болған оқиғаны растады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Айта кетейік, кеше ғана Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында көз жұмған еді.