Оралда қатты көктайғақтың кесірінен қоғамдық көлік жүрмей қалды

Оралда қатты көктайғақтың кесірінен қоғамдық көлік жүрмей қалды. Өйткені жаңбыр жауып, жол көк мұзға айналды. Тез байығысы келген такси жүргізушілері бағаны еселеп қымбаттатты. Аялдамада сағаттап автобус күткен қалалықтар жұмысқа кешігіп, мектепте сабақ тоқтады. Асығамын деп тайып құлап, аяқ-қолын сындырғандар көбейген. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Мынадай көк мұзда қарға адым жер жүрудің өзі мұң. Абайламасаң, тайып құлауың мүмкін. Бірақ мына жердің мұзы бізге өте ұнады. Жып-жылтыр, керемет, теп-тегіс екен. Әттең коньки жетпей тұр. Көктайғақтың кесірінен жұрт жұмысына кешікті. Өйткені таңертең қоғамдық көлік мүлдем жүрген жоқ. Мектепте сабақ тоқтатылып, оқушылар онлайнға ауысты. Жолға топырақ себілгесін ғана көшедегі қозғалыс біртіндеп жанданды. Ал такси бағасы еселеп өскен. Мұны қалтасы көтермей, жұмысына жаяу жетуге асыққандар аяқ-қолын сындырып, ауруханадан бір шықты. ТҰРҒЫН: -Тайғақ өте қатты тайғақ. Жүре алмайсың. Жаңа құлағанда қолымды ауыртып алдым. - Тайып құладым. Бүгін деген жаман күн деген. Сәпсем тайғанақ. Аялдамадан аса бергенде құладым. Дәрігерлер де барынша сақ болуды ескертеді. Ауырып ем іздегенше, етігіңізге темір тағып алған жөн. Алмас ЖАЛҒАСБАЕВ, БҚО КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ: Қыстың күні көбіне тәулігіне бізге келетін адамдардың саны 15-40 аралығында. Бірақ та қазіргі соңғы екі сағаттың ішінде мәлімет бойынша 8-10 аралығында келген мұзға тайып жығылған адамдар саны 11. Екі сағаттың ішінде 11 адам қаралды, мен ойлаймын тәулік бойына көбейетін болады. Айласын асырған пысықтар тайып жығылмаудың тың тәсілін ойлап тауыпты. Бұл үшін етіктің сыртынан шұлық кисе жеткілікті дейді. Әрі арзан, әрі сенімді. Мұхтар ӨТЕСОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Нәскиімнің размері менің 39 ғой. Мынау енді бәтеңкеге 41 керек. Өзім барып үлкен нәски сатып алдым, өзімде жоқ қой. Екі нәски сатып алдым, біреуін лақтырып тастадым, жыртылып қалды. Мұнда шақ келдім 6-ден бері қарай. Сосын тұз сатып алдым. Тіпті жақсы болды. Сеуіп-сеуіп жібересің, жабысып қалады табаныма. Ешқандай проблема жоқ, білмеймін жұрт неге шулап жатқанын. Күн райының құбылуына байланысты өңірде тас жолдар жабылды. Ұшақтар да ұшпай жатыр. Жанталасқан жұрттың шұлық киіп, жан сақтағанын көрген саудагерлер де бағаны өсіріп жіберіпті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
«Көз жасын көрдім»: Алтынай Жорабаева күйеуінің нені армандайтынын айтты (ВИДЕО)
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды