Оралда қоқыс жәшігінен табылған баланы әжесі қамқорлыққа алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап. Қалалық аурухана мәліметінше, баланың жағдайы қалыпты."Әжесі қамқоршылық құжаттарын рәсімдеп жатыр. Ол - ұл бала. Баланың жағдайы тұрақты", - деді қалалық балалар ауруханасы өкілі.Еске салайық, бұған дейін қоқыс жәшігінен жалаңаш жатқан нәресте табылғаны хабарланған еді. Кейінірек сәбиін тастаған әйел кім екені анықталды.