Орал қаласының маңында орналасқан қоқыс полигонында өрт болды. БҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 7 маусым күні сағат 23.30-да 300 шаршы метр аумақта қоқыс өртенуінен басталған. "ICM Recycling" ЖШС тиесілі полигонның жалпы ауданы — 37 гектар. Павлодар облысында балалар орманды өртегені үшін ата-аналарына айыппұл салынды "10 маусым күнгі сағат 17:20-дағы мәлімет бойынша өртті ауыздықтауға 9 адам, 6 техника жұмылдырылды. Жанған аумақ 8 маусым күні сағат 02:16-да оқшауланғанымен, әлі бықсып жатыр. Бүгін көмекке қосымша 6 адам, 4 техника жіберілді", – делінген хабарламада. Полигоннан шыққан түтін алыстан көрініп тұр. Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысындағы орман шаруашылығында өрт шыққаны туралы жазған едік.