Орал қаласында қылмыстық топ ұсталды.Олар қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін тонап, ақша бопсалады деген күдікке ілінген.Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына 4 күдікті қамауға алынды. Алаяқтық әрекеттерге барғандардың барлығы колледж студенттері. Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Егер Сіз ұсталған тұлғалардан зардап шеккен болсаңыз, дереу полиция қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.