2023 жылғы 20-28 ақпан аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағында "Мигрант" жедел алдын алу іс- шарасы өткізілуде. Бұл іс- шара қоғамдық тәртіпті қадағалау, заңсыз көші- қонды ескерту, көшіп келушілердің, елде ұзақ уақыт заңсыз болатын адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібі қағидаларын бұзуды анықтау мақсаттарын көздейді.Орал қ.ПБ Жергілікті полиция қызметі және көші- қон қызметі бөлімінің инспекторлары кешенді тексерістер ұйымдастыруда. Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізу кезінде Д.Қонаев атындағы ықшам ауданы маңайынан екі нигериялық азаматты байқап, құжаттарын тексереді. Сол кезде бұл екі азаматтың қолында жеке бас құжаттары, өзге де мақсатты қағаздары болмайды. Орал қаласында жүру себебін қызмет етуге келуімен түсіндіреді. Тәртіп сақшылары 1997 жылғы нигериялық Е. есімді азаматқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабының 5 бөліміне сай әкімшілік хаттама толтырды. Қажетті материалдар жинақталып, жуықта сотқа жолданады. Сонымен қатар, бұл азамат Орал қ.ПБ- ның қабылдап- тарату орынына жеткізілді.1995 жылғы Нигериялық Ч.есімді екінші азаматтың жұмыс жасайтыны анықталмады. Қызмет етуге рұқсат қағазы да болмаған. Бұл азаматқа да әкімшілік хаттама толтырылды. Орал қ.ПБ көші- қон қызметі бөлімі қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары тарапынан тексерістер мен рейдтер жалғасын табады.