Оралда мерекеге орай жәрмеңке ұйымдастырылды. Халық көп тұратын жерді таңдап алған ұйымдастырушылар мұндағы бағаны базардағыдан арзан қылуға тырыстық дейді. Жәрмеңкеге өз өнімін ұсынғандар - қала маңындағы елді мекен тұрғындары. Олардың айтуынша, бәрі де табиғи, таза өнімдер. Жас ет пен балықты, жеміс-жидек пен көкөністерді арзанға сатып алуға тырысқандардың қарасы қалың. Ал мейрамды тойлап жүрген тұрғындарға наурыз көже ұсынылып, түрлі тәттілер таратылды. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Бүгін Наурыз мейрамы. Жәрмеңкемізге халық келіп жатыр. Бәрі келіп, ат салысып жатыр. - Өте қуаныштымыз. Осы қазақ елін Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!