Үйренген мекеннен кеткіміз келмейді! Оралдағы орталық базар басшылығымен келіспеген саудагерлер осылай дейді. Түрлі тәтті сататын кәсіпкерлер өздерін басқа жерге көшіруге қарсы. Олардың айтуынша, базар басшылығы ұсынған ғимараттың жертөлесі адамдарға өте қолайсыз әрі төменге шығып-түсу қиын. Осының кесірінен тұрақты сатып алушыларымыздан айрылып, тауарымыз өтпейді, айналып келгенде қарызға батып, тақырға отырамыз деп алаңдайды. Жүздеген мың несие төлейтінін айтып ашынған кәсіпкерлер қала әкімдігі мен прокуратураға да шағымданыпты. Бірақ арыз жазылғалы арада екі апта өтсе де, жауапты органдар қол ұшын беруге асығар емес дейді.БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Договорды любой уақытта бұзып, сіздерді төменге түсіре аламыз дейді. Төменге түспейтіндерің пажалыста, заттарыңды жинаңдар да, барыңдар дейді. Біз сонда қайда барамыз, айтыңызшы? Мен ауырып, ол подвалда искусственный воздух жұтқым келмейді. Өлгіміз келмейді! Мына подвалдың ішінде біз не істейміз? Міне қараңдар, подвал ғой бізді кіргізіп тұрғаны. Дым жоқ, терезе жоқ осы подвал. - Каждый понедельник күні тамақты улайды. Төмендегі «Бакалеяны». Тарақан үшін, анда құрты бар, тарақаны бар. Ол – подвал. Біз уланған жерге уланған тамағымызды сатпаймыз. - Менің жолдасым сол подвалдан почти банкрот болып кетті. Мына кісі төменнен шықты, бұл да жаңағыдай банкрот болып жоғарыға шықты. Ал базар басшылығы қысы-жазы сырттағы дүңгіршекте тұратын саудагерлерге ғимараттың жертөлесі жайлы дейді. Сондықтан көшуге бір ай уақыт беріпті. Ал босаған орынды басқа зат сататындарға ұсынбақ. Нұрлан ҚҰБАЕВ, БАЗАР ӘКІМШІСІ: Кәсіпкерлер сыртта тұрмауы керек. Жылы жерде тұруы керек. Сол себеппен ғой бәрі де. Басқа жерге көшу әр адамға қиын болады ғой. Қорқады, сауда бола ма дегендей. Бірақ енді болады ғой сауда. Проблема жоқ. Кіргісі келмейтін адамның сылтауы ғой. А так басқа кісілер отыр ғой, саудаларын жасап отыр. Көшуі керек қой енді, қашанғы сыртта отырады?