Оралда отбасынан зорлық көргендер орталығында орын тапшы

Оралдағы отбасында жәбір көргендер паналайтын орталықта орын тапшы. Өйткені ғимарат небары он адамға арналған, ал келушілердің саны одан көп. Былтырдың өзінде бұл жерге жүз адам бас тіреп, жәрдем сұрап келген. Олар орталықта жарты жылға дейін паналай алады. Осы уақыт ішінде мамандар кеңес беріп, құқықтық көмек көрсетеді. Бұдан кейін дені райынан қайтып, жұбайымен татуласқан. Осылайша бала-шағасымен отбасына оралыпты. Бір қызығы, жақын жандардан жәбір көргендердің қатары мейрам қарсаңында күрт көбейеді екен. Мамандар мұны әлеуметтік ахуалмен байланыстырады. Мариэтта ДӘУЛЕТИЯРОВА, "ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫ" КММ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Жаңа жылдың тап алдында бізде деген орын болған жоқ. 10 адамның орнына 12 адам болды. Былтыр жатқан 35 әйелдің ішінен 22-сі отбасына оралды. "Айналайын, сен кешірсеңші, отбасын ойран қылмасайшы", - деп кешірім сұрайды. Гүл беріп жатады, небір-небір сыйлық беріп жатады. Одан кейін күйеуі келеді, күйеуінен кейін атасы, енесі келеді, қайын апалары келеді... Енді біздің орталықтың мақсаты ажырастыру емес. Бүгінде елімізде 41 дағдарыс орталығы бар. Мұнда жәбір көргендерге барынша жағдай жасалғанымен, жағдай өзгерер емес. Мысалы, былтырдың өзінде елімізде қорғансыз қыз-келіншектерге күш көрсеткендердің қатары 60 мыңнан асқан. Оралдық орталықтың жағдайымен танысқан Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева осы мәселе туралы заң жобасы өзгертілетінін жеткізді. Енді мұндай орталықтарға әлсіз әйелдерді сабаған зорлықшылардың өздері әкелінеді. Оларды отбасынан оқшаулап, тәрбиелеу көзделіп отыр. Снежанна ИМАШЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Азамат егер зорлық көрсетсе, отбасынан бөлек шығуы керек. Егер оның тұратын орны болса, өзінің басқа үйі болса, қазіргі талқылауда бұл норманы алып тастау керек. Егер де берілген жаза мұны түзетпесе, онда міндетті түрде психологпен жұмыстану, сабағын алу керек деген норма бар. Осындай нормалар талқылануда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді