Оралда полицейлерден қашқан ер адам суға секіріп кетті

Орал қаласында өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған ер адам ұсталды. Ол жүргізуші куәлігі болмаса да тағы да есірткіге елітіп алған күйде көлік рөліне отырған.Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Мирлан Жанұзақов пен Арман Көшігенов Жайық өзенінің маңындағы 1, 2, 3 саяжай ауданында патрульдеуді жүзеге асыру кезінде, күмәнді Ваз-2110 автокөлігін байқайды. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы талаптарын елемей, қозғалысын жалғастыра берген.Жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төнуі мүмкіндігін ескеріп, полицейлер оның соңынан ерген. Біраз жүргеннен кейін жүргізуші көлікті тоқтатып, өзі жаяу қаша жөнеледі. 150-200 метрге жүгіргеннен кейін ол суға секіреді. Полиция қызметкерлері оны судан шығарып, қашқынды құтқарды.Құқық бұзушының бұрын сот шешімі бойынша жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғаны үшін көлік құралын өмір бойы басқару құқығынан айырылған Подстепное ауылының тұрғыны екендігі белгілі болды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жылыойда су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын есептейтін комиссия жұмысын бастады
Бұл күміс медаль алтынға пара-пар болып тұр – Мағжан Шамшадиннің бапкері
Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды
Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту – кеңес назарында
Министрлік азық-түлік қауіпсіздігі жауапкершілігін өндірушілердің өзіне артып қоймақ
Атыраулық оқушылар Оңтүстік Корея Президентінің білім грантын иеленді
"Бәрімізді қорқытып, үркіткен қыз". Төреғали Төреәлі өзінен 10 жас кіші қарындасын ерекше құттықтады
Түркістандық кітапханашылар қарт ананың алғысын алды
Жетісуда өз оқушысын зорлады деп айыпталған мұғалім 20 жылға сотталды
Филиппинде жер сілкінді
Салтанат ісінде медсарапшы болған маман тойды "жарды"
18 қарсыласын сұлатқан чемпион Әлімханұлымен айқасуға келісті
Су айдынына қонған санитарлық авиация ұшағы жүрек талмасы бар науқасты тасымалдаған
Филиппинде жер сілкінді
Астаналық тұрғын жас футболшылардың телефондарын ұрлап кеткен
Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды
Қазақстандық әйел мұрасыз қалды
"Танымаймын". Kalifarniya Дариға Бадықоваға әнін неге бермегенін түсіндірді
Жауын-шашын, қар: 4-6 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамы
"7-20-25": 73 мыңнан астам қазақстандыққа қарыз берілді
Жылыойда су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын есептейтін комиссия жұмысын бастады
Түйе шаруашылығына кенеден қауіп төнді
Полиция қызметкерлері 9 ақмолалықты алдаған күдіктіні ұстады
Нысана көздеуден Гран-при жарысында ел қоржынына 2 медаль түсті