Оралда стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау амалдары күшейтілді

Оралда тіршілікті қамтамасыз ететін стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау амалдары күшейтілдіБатыс Қазақстан облысында тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау шаралары күшейтілді.Атап айтқанда, Оралда «Батыс су арнасы» ЖШС, «Жайықжылуэнерго» АҚ нысандары мен сорғылау стансасында су тасқынына қарсы жұмыстар ұйымдастырылды.Орал қаласында сумен жабдықтау жұмысы 2 түрлі көзден жүзеге асырылады: жер асты сулары мен Жайық өзені арқылы.Қаланың 340 мың халқын сумен қамтамасыз ететін «Батыс су арнасы» коммуналды кәсіпорны қазір қалыпты режімде жұмыс істеп тұр.Мәселен, қажетті су мен оны тазалауға арналған реагенттер қоры жеткілікті деңгейде. Апатты бригадалар, кәсіпорынның 820 қызметкері мен 82 арнайы техника дайын тұр. «Жайық өзені бойындағы стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау үшін бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындарын сумен қамтамасыз ету жұмыстары алдын ала қолға алынған. Су таситын арнайы көлік қарастырылған», — деді «Батыс су арнасының» бас инженері Аян Тасқали.«Жайықжылуэнергосына» 248 шақырымнан астам қалалық жылу жүйесі қарайды.Аталған нысандардың аумағында, оның ішінде аса қауіпті учаскелерде су тасқынына қарсы жұмыс аясында құм-қиыршық тас қоспасымен толтыру амалдары күшейтілді. Тиісті жұмыстарған 180 адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылып отыр.Тұтастай алғанда Батыс Қазақстанда барлығы 20 мың шақырымнан астам электр желісі бар.Айталық, төрт ауданда 20-дан астам, сондай-ақ Орал қаласында 16 қосалқы станса жұмыс істеп тұр.Олар қырда орналасқандықтан су басу қаупі жоқ.Бұған қоса превентивті амалдар қолға алынып, шаһардағы екі қосалқы стансада қап төсеу, қорғаныс үйіндісін орнату жұмыстары қарқын алды.Сонымен бірге апатты бригадалар, 1400 қызметкер мен 140 арнайы техника дайын тұр.Осы ретте Жайық өзенінде орналасқан сорғы стансасын қорғау шаралары да қабылданғанын айта кетейік. «Жайық өзенінің жағасында «Жайықжылуэнерго» мекемесін сумен, сондай-ақ қала халқын ауыз сумен қамтамасыз ететін сорғы стансасы бар. Одан күнделікті шамамен 60 мың текше метр су аламыз. Бұл стратегиялық нысан болып саналады. Сондықтан оның айналасына қап төсеп жатырмыз», —деді Энергетика және ТКШ басқармасы басшысы Мирас Мүлкәй.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаңа жылдан кейін қазақстандықтар қанша күн демалады?
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
Қант диабеті бар жандарға жаңа жылдық дастарханнан жеуге болатын тағамдар аталды
Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды
Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Президент марапаттаған азаматтардың тізімі жарияланды
Ядролық медицина орталығы жылды қорытындылады
Қазақстан жастар құрамасы жер болды
Ақмарал Әлназарова қазақстандықтар алғыс айтты
Грузияның жаңа президенті қызметіне кірісті
Комитет төрағасы тағайындалды
Оңтүстік Корея бір апталық аза тұту жариялаls
Үш облыста ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды
Сенаторлар Алматы полициясында есеп беру кездесуін өткізді
Президент бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ұшақ апаты кезінде адамдарды құтқарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты
Еліміздің үш облысында жол жабылды
Ақтау маңында апат болған ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядағы орталыққа жіберіледі
«Небәрі 29 секунд»: Ақтау маңында құлаған ұшақтың капитаны өлер алдында бір сөз айтқан
Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе кемесінің қара жәшігі Бразилияға жіберілетін болды
Ертең еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ақтөбеде құдыққа құлап кеткен адам құтқарылды
Ұлытау облысында жоғалып кеткен 5 адам табылды