Оралда тұратын соғыс ардагері Иван Гапич 100-ге толды

Мәскеудегі 1945 жылы 24 маусымдағы Жеңіс шеруіне қатысқан Иван Гапич 100-ге толды. 2010 жылы да қарт майдангер 9 мамырда Мәскеудегі мерекелік шараларға қатысты. Ол төлқұжаттағы туған жылы 1924-ті 1923-ке түзеп, өз еркімен соғысқа аттанған. Әуелі Ташкенттегі әскери байланыс мектебінде білім алып, 1941 жылдың қараша айында Мәскеуде жинақталып жатқан 551-байланыс батальонына жіберіледі. Бір апта өтер-өтпесте Батыс майданы штабының әскери бөлімдермен байланысын қамтамасыз етіп тұрған 375-дербес радиодивизонында қызмет етеді. Смоленск, Орша, Минск, Вильнюс, Каунас, Гумбинен, әсіресе, Шығыс Пруссияның қалқаны іспеттес Кенинсберг үшін болған кескілескен айқастарға қатысты. Жеңіс шеруінен кейін қайта Германияға оралып, әскери қызметін Польшада жалғастырған Иван Гапич елге 1947 жылы оралды. Алматыда заңгерлік мамандық алған ол өмір бойы прокуратура органдарында еңбек етті. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарында прокурорлық қызмет атқарып, абырой биігінен көріне білді. Жиырма бір жылдай уақыт бойы Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болған Иван Степанович осы Оралда тұрақтап қалды. Ол - КСРО және Қазақстан прокуратурасының құрметті қызметкері.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жүрегім бос»: Қуат Хамитов қандай жар іздеп жүргенін айтып берді
Үш рет аукционға шығарылған Қостанай әуежайы сатылмайтын болды
Күрестен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті