Орал қаласындағы жер үйлердің бірінде қожайындарының жоқтығын пайдаланған қаскүнем ұрлыққа түскен. Торы жоқ қосалқы үй-жайдың кішкентай терезесін сындырып кіру арқылы үйден 4 млн. теңге мен алтын әшекейлерді ұрлап әкеткен. Орал қ.ПБ Абай Пб полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 43 жастағы қала тұрғынын анықтап ұстады. Ол бұрын осындай іспен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Мүлік ішінара тәркіленді, кейбір заттарды арзан бағамен сатып үлгерген.Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188 бабы 3 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (Ұрлық)